📢 Салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратпен хабардар ету тәсілдері

📢 Салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратпен хабардар ету тәсілдері


1️⃣ Электрондық:
- БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта арқылы;
- ЭЦҚ немесе ЖСН, құпиясөзді пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы.

2️⃣ Қор бөлімшесіне жеке бару

3️⃣ Пошта байланысы қызметтері арқылы (жылына бір рет)

Егер сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілін таңдамаған болсаңыз, онда БЖЗҚ бөлімшесіне бару арқылы ақпарат ала аласыз.

БЖЗҚ-ның немесе Қазпоштаның қызмет көрсету кеңселеріне келген кезде ақпарат беру тәсілін таңдауға немесе өзгертуге болады. БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын Қазпошта бөлімшелерінің мекенжайлары көрсетілген елдімекендердің тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Егер сізге зейнетақы шотын enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы тексеру ыңғайлы болса, онда ақпараттандырудың бұл тәсілін Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімінде онлайн режимінде анықтауға болады.