⁉ЖАУАП: Қайырлы күн, құрметті салымшы! Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Салық зейнетақы жинақтары төлемін алған кезде салынады.

⁉ЖАУАП: Қайырлы күн, құрметті салымшы! Салымшының жеке зейнетақы шотына түскен кезде зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Салық зейнетақы жинақтары төлемін алған кезде салынады.

ЖТС біржолғы зейнетақы төлемі сомасының 10% мөлшерін қолдану арқылы есептеледі.

Сіз біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін таңдай аласыз (БЗТ):

1) БЗТ жүзеге асырылған күннен кешіктірілмей, бір рет төленеді. Бұл жағдайда ЖТС бірден БЗТ сомасынан ұсталады;

2) зейнетке шыққан кезде он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша).

ЖТС ескере отырып немесе оны есептемеген жағдайда алуға болатын соманың мөлшерін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинеттен, БЖЗҚ мобильді қосымшасынан көруге болады.