Жеке деректерді жаңартудың бірнеше жолдары бар:

Жеке деректерді жаңартудың бірнеше жолдары бар:


1️⃣ БЖЗҚ сайтында (enpf.kz) электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен Жеке кабинетке кіру және одан әрі «Қызметтер» бөлімінде (Жеке кабинетте) «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» қосымша парақшасына өту арқылы;

2️⃣ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы. Ескере кететін жәйт, карантин жағдайында халық пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша күндізгі режимде жұмыс істейді. Алдын ала жазылу үшін enpf.kz сайтының басты бетіндегі «Электрондық қызмет көрсету» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» баннерін басу қажет;

3️⃣ «Қазпошта» АҚ кеңселерінде деректемелерге өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуге болады. Бұл қызметті көрсететін филиалдардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөліміндегі, «Қазпошта» АҚ-мен серіктестік» парақшасында орналастырылған.