✅ Аударым сомасы салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауы тиіс;
✅ Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударға болады, бұл ретте жинақтарды бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға жылына көп дегенде бір рет қана беруге болады;
✅ Аударымға өтінішті Қор бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте беруге болады;
✅ Жинақтарды ИПБ-ға аудару өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;
✅ Мәлімделген соманы ИПБ-ға аударған сәтке дейін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе Қор бөлімшесіне барып, берілген өтініштің күшін жоюға болады;
✅ ИПБ инвестицияларды басқару үшін ақы алуға құқылы. ИПБ үшін сыйақының ең көп мөлшері инвестициялық кірістің 7,5% аспауы керек;
✅ ИПБ-да сенімгерлікпен сақталған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруына ИПБ-ға алғашқы аударудан кейін екі жылдан ерте емес мерзімде қайтаруға болады;
✅ Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету кепілдемесімен ауыстырылады;
✅ Cалымшы зейнет жасына толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.
❗enpf.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінде толық ақпарат жарияланған.