Тұрғындар арасында Ұлттық халық санағын жүргізу барысында алаяқтықтың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті сақ болуларыңызды сұрайды. Ұлттық халық санағын жүргізуші интервьюерлердің сырт бейнесіне назар аударыңыздар:
1. Интервьюердің суреті, тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның жарамдылық мерзімі, аумақтық статистика органының қолы мен мөрі бар КУӘЛІК
2. Халық санағының символикасы бар КӨК ТҮСТІ ПОРТФЕЛЬ
Тұрғын үйлерді аралау барысында интервьюерде міндетті түрде санақ логотипі бейнеленген куәлігі және портфелі болуы тиіс. Сонымен қатар, куәлікте көрсетілген нөмірді sanaq.gov.kz сайтында тексере аласыз.
Сіз Департаментке 8 (7132) 54 55 03 байланыс телефоны арқылы немесе елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондары үшін бірыңғай нөмір болып табылатын 1446 және 8 8000 800 878 call-орталығына қоңырау шалып, сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сонымен қатар, кез-келген кеңес алу үшін sanaq.gov.kz интернет-ресурсына жүгінуге болады.