Қор сайтында жаңа қызмет түрі қолжетімді

Қор сайтында жаңа қызмет түрі қолжетімді

Енді enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беруге болады.

Жаңа қызметті ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар салымшылар пайдалана алады:
- 50 жасқа толған тұлғалар;
- мүгедектігі бар адамдар.

Қызметті алу үшін Жеке кабинетте авторланып, «Қызметтер» бөліміне өту қажет, бұдан әрі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» сервисін таңдап, қажетті мәліметтерді толтырған соң ЭЦҚ-мен қол қою қажет.