Ауданға Сенат депутаттары келді

Ауданға Сенат депутаттары келді

Өткен сәрсенбіде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Жұмағазиев пен Б.Қаниев ауданға іс-сапармен келді. Депутаттар алдымен №4 Қарауылкелді мектеп-гимназиясына ат басын бұрып, мектеп ерекшеліктерімен танысты. Бірер жыл бұрын пайдалануға берілген мектеп цифрлы технологияны кеңінен қолданып келеді. Мектептің жаңашыл ұжымы дәлізді жағалай орналастырылған оқушылырдың жеке заттарын сақтауға аналған шкафтардың қасбеттерін электронды кітапханаға айналдырған. Бірінші қабаттағы дәліз бойында 100-ге жуық кітап болса, екінші қабаттағы шкафтардың бетіне жоғары сынып оқушыларына арналған пәндердің негізгі элементтері бейнеленген.

М.Жұмағазиев пен Б.Қаниевке мектептен кейін дене шыныштыру-сауықтыру орталығы таныстырылды. Басшылар орталықтың ішкі тынысымен жақынырақ танысу мақсатында қызметкерлермен де тілдесіп үлгерді. Сондай-ақ, депутаттар аудандағы «Мұңал», «Ая» шаруа қожалықтарына барып, басшыларымен кездесті.

«Жем – Сағыз» ақпарат.