«БЖЗҚ» АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан компаниялар тізімі

«БЖЗҚ» АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан компаниялар тізімі

БЖЗҚ салымшылары (алушылары) жинақтардың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін өздері таңдаған басқарушы компанияларға аудара алады және оларға өз жинақтарын инвестициялық басқаруды сеніп тапсыра алады. Бұл ретте бір компанияға да, бірнеше компанияға да аударым жасауға болады.

«БЖЗҚ» АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан компаниялар тізімі
1. «Halyk Global Markets» АҚ
2. «Jýsan Invest» АҚ
3. «BCC Invest» АҚ
4. «Сентрас Секьюритиз» АҚ

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:
ИПБ тарапынан:
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;
2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;
3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;
4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.

салымшы тарапынан:
1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;
2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:
• салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе
• өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

enpf.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінде толық ақпарат жарияланған.