Әлемнің зейнетақы жүйелері

Әлемнің зейнетақы жүйелері

БЖЗҚ басқа елдердің зейнетақы жүйесінің дамуын үнемі қадағалап отырады. Мысалы, Қордың сайтында «Әлемнің зейнетақы жүйелері» бөлімі бар, онда Армения, Швеция, Норвегия, Малайзия және Сингапур сияқты елдердің зейнетақы жүйесінің қалай құрылғанын көруге болады. Аталған тізім толықтырылып отырады.

Жақында біз жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің негізгі көрсеткіштеріне шолу жасадық. Австралия, Дания, Израиль, Мексика, Чили, Эстония және Қазақстан секілді 7 ел келесі көрсеткіштер бойынша талданды:
• Зейнетақы активтерінің мөлшері;
• Зейнеткерлік жас;
• Зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері;
• Зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі (%);
• Жылдар бойынша ерлер мен әйелдер үшін туылғанда және 65 жастан асқанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы (2015-2020 жж., 2060-2065 жж.).