Облыс әкімі О.Оразалин жұмыс сапарымен Байғанин ауданында болды

Облыс әкімі О.Оразалин жұмыс сапарымен Байғанин ауданында болды

Бүгін облыс әкімі О.Оразалин жұмыс сапарымен Байғанин ауданында болды. Бұлақтыкөл ауылындағы 100 орындық жаңа мектептің ғимаратымен танысып, басшылыққа тиісті тапсырмалар берді. 2017 жылдан бері салынып жатқан нысанның алдағы уақытта пайдалануға берілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, өңір басшысы Қаражар ауылында барды. 2020 жылдың мамыр айынан басталған сумен жабдықтау нысандарымен танысып, ауыл ақсақалы Бейсен Жақановпен бірге су құбырын іске қосты.
Енді Қаражар халқы ауыз су құбыры желісін пайдаланып, қолайлы жағдайдың қызығын көреді.
Қаражарлықтар үшін бұл жақсы жаңалық тағы еселенді. Өйткені кең жолақты ұтқыр байланыс желісіне қосылу мүмкіндігі жыл аяғына дейін орындалмақ.