Қыс қамына дайындық: мал азығы әзірленуде

Қыс қамына дайындық: мал азығы әзірленуде

Байғанин ауданында мал қыстату кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда шаруа қожалықтары төрт түлікті қысқы кезеңде қажетті азықпен қамтамасыз ету мақсатында шөп шабу, жинау және тасымалдау жұмыстарын атқаруда.

Мал азығының жеткілікті қорын қалыптастыру – қыстақ науқанын қалыпты өткізіп, мал басының амандығын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі.

Сондықтан ауданда жем-шөп дайындау жұмыстарына ерекше мән беріліп, қысқы мал азығының қорын жасақтау жалғасуда.

Қыс қамы – бүгінгі еңбектен басталады.