
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Байғанин аудандық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы тәлімбақта еңбек етіп, өңірдің жасыл қорын көбейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда.
Жастар күн сайын көшеттерді суарып, арамшөптерден тазартып, тәлімбақтағы күтім жұмыстарын жауапкершілікпен орындауда. Бұл жұмыстар көшеттердің сапалы өсіп-жетілуіне мүмкіндік беріп, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға және табиғи қорын молайтуға өз үлесін қосуда.
Табиғатты қорғау мен көгалдандыру – баршамызға ортақ іс. Осындай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған өлкеміздің көркеюіне және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді.
Таза Қазақстан – таза табиғатқа, таза болашаққа бастар жол!