
Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында өтіп жатқан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия чемпионатында Байғанин ауданының спортшысы Түзелбай Бейбарыс тамаша нәтиже көрсетіп, 57 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Жарыс 2026 жылғы U15 және U20 Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылуда.
Бұл – жас спортшымыздың тынымсыз еңбегі мен қажырлы дайындығының, сондай-ақ жаттықтырушыларының кәсіби еңбегінің жемісі.
Жерлесіміздің халықаралық аренадағы бұл жетістігі – аудан спортының мерейін үстем етіп, жас буынға жігер сыйлайтын айтулы жеңіс.
Түзелбай Бейбарысты және оны жеңіске жетелеген жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Жас балуанға алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Көк Туымыз халықаралық ареналарда әрдайым биіктен көріне берсін!