Ағымдағы жылдың 24-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтуде

Ағымдағы жылдың 24-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтуде

Аталған спорттық шарада Байғанин аудандық мәслихат аппараты ММ құрылымдық бөлім басшысы Бериков Әлішер Берікұлы Қазақ күресінен 82 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, шеберлігі мен дайындығының арқасында бас жүлдені — І орынды жеңіп алды.

Қазақ күресінен жалпы командалық есепте ІІ орынға табан тіреді.Аудан намысын қорғаған мемлекеттік қызметшілер құрамы:
74 кг: Абенов Қуандық
82 кг: Бериков Әлішер (Байғанин аудандық мәслихат аппараты ММ құрылымдық бөлім басшысы) — І орын 🥇
90 кг: Межеш Азамат
100 кг: Сағызғалиев Нұрсұлтан
100+ кг: Каленов Нұраділ

Әріптестерімізді осынау жарқын командалық жеңісімен және Әлішер Берікұлының жеке дара чемпиондығымен шын жүректен құттықтаймыз!