Жаңажол ауылдық округінің орталығы – Оймауыт ауылында жаңа Мемлекеттік Ту тұғыры орнатылды

Жаңажол ауылдық округінің орталығы – Оймауыт ауылында жаңа Мемлекеттік Ту тұғыры орнатылды

Бұл игі бастамаға жергілікті мектептің осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері демеушілік жасап, туған жерге деген құрметтері мен жанашырлықтарын нақты іспен көрсетті. Ауылдың көрнекті жерінен бой көтерген еңселі Ту тұғыры елдік пен бірліктің, отансүйгіштік рухтың символына айналды.

Туған өлкесінің дамуына үлес қосқан азаматтардың бұл бастамасы кейінгі буынға үлгі болып, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісін паш етеді.

Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің айғағы бола берсін!