Тәуелсіздік саябағында Сартоғай ауылдық округінің мәдени күндері өтті

Тәуелсіздік саябағында Сартоғай ауылдық округінің мәдени күндері өтті

Байғанин ауданындағы Тәуелсіздік саябағында Сартоғай ауылдық округінің мәдени күндеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында ауыл өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өткізілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдер ұсынылды.
Кеш қонақтары ауылдық округтің мәдениетімен, өнерімен және жетістіктерімен танысып, ерекше әсерге бөленді.

Айта кетейік, әр аптаның жұма күні аудан орталығында ауылдық округтердің мәдени күндері аясындағы мерекелік шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Барша аудан тұрғындарын алдағы мәдени шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!