Азаматтардың өтініші – басты назарда

Азаматтардың өтініші – басты назарда

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов азаматтарды жеке қабылдап, аудан тұрғындарын толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау көрсету және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселе жеке қаралып, тиісті бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, шалғай елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдау мақсатында Миялы және Ащы ауылдық округтерімен онлайн байланыс ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары өз сауалдарын тікелей қойып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер алды.

Халықпен ашық әрі тиімді диалог орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарда ұстау – жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттарының бірі. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тұрақты бақылауда болады.