«Бірлік пен қолдау күні» атты Ашық есік күні өтті

«Бірлік пен қолдау күні» атты Ашық есік күні өтті

2026 жылғы 12 маусым күні «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығында «Бірлік пен қолдау күні» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды орталықтың қызметімен таныстыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, отбасылық жанжалдардың алдын алу және мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру.

Шараға:
🔹 Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия;
🔹 Байғанин ауданы әкімі аппараты;
🔹 Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
🔹 Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі;
🔹 Денсаулық сақтау саласының мамандары;
🔹 Психологтар мен заңгерлер;
🔹 Байғанин ауданының пробация қызметі;
🔹 Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
🔹 «AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалының өкілдері қатысып, тұрғындарды жеке қабылдап, түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді.

Сонымен қатар қатысушылар үшін психологиялық тренингтер мен арт-терапиялық жұмыстар ұйымдастырылып, мамандар тарапынан қолдау мен пайдалы кеңестер ұсынылды.