Кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге бағытталған кезекті қабылдау өтті

Кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге бағытталған кезекті қабылдау өтті

11 маусым күні аудан әкімі Айбек Купенов пен аудан прокуроры Ерлан Бахытов аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнес жүргізу барысында кездесетін түйткілдерді көтеріп, өз жобаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әрбір көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, оны шешу бағытында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.