Бақытты балалық – Жарқын болашақ

Бақытты балалық – Жарқын болашақ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық мәдениет үйі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған кең көлемді мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналып, бүлдіршіндер үшін ерекше қуаныш сыйлаған мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.

Шара барысында әсем әндер шырқалып, көркем билер орындалды. Балаларға арналған қызықты ойындар мен көңілді сайыстар ұйымдастырылып, сурет салу, қолөнер және шығармашылық бағыттағы шеберлік сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, кітап көрмесі мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекеге арнайы қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Қосайұлы бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің басты көркіне айналып, алаң шаттыққа, қуанышқа және балалық бақыттың ерекше атмосферасына бөленді.

Балалық шақ бақытқа толы, болашақтары жарқын болсын!