
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімі Айбек Купенов аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ауылдың балалары» ансамблінің жас өнерпаздарымен арнайы кездесіп, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы балалардың шығармашылық ізденісі мен жетістіктерін жоғары бағалап, олардың аудан мәдениетінің дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті. Бүгінде ансамбль құрамындағы дарынды өрендер облыстық және республикалық байқауларда топ жарып, туған өлкенің мерейін үстем етіп келеді.
Құрамында 50-ден астам жас өнерпаз бар «Ауылдың балалары» ансамблі ұлттық өнерді дәріптеп, жас буынның шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мерекелік жүздесу соңында аудан әкімі ансамбль мүшелеріне сыйлықтар табыстап, өнер жолындағы табыстары арта беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде жас таланттар ән мен күйден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.