
✅ 23 сәуір күні Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов пен аудан прокуроры Ерлан Бахытов кәсіпкерлерге арналған кезекті жеке қабылдау өткізді.
🔹 Қабылдаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсету, олардың қызметіне кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтап, тиімді шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.
🔹 Қабылдау барысында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген әрбір мәселе бойынша, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді және оларды шешудің нақты тетіктері айқындалды.