ЖАРҚАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАРҚАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔹Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Жарқамыс және Қаражар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

🔹Кездесу барысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар жан-жақты талқыланды. Аудан әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

🔹Жиын барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:
– ауыл аумағындағы иесіз, ескі үйлердің орындарын тазарту;
– Қарауылкелді – Жарқамыс бағытында салынып жатқан автомобиль жолының сапасына бақылауды күшейту;
– малдың Жем өзеніне еркін өтуіне қатысты туындаған шектеулерді реттеу;
– Жарқамыс – Қаражар бағытындағы 25 шақырым автомобиль жолын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне беру;
– елді мекен маңын құм басу қаупінің алдын алу мақсатында қорғаныш шараларын (тал егу, қоршау орнату) жүргізу;
– ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту;
– маусымдық шөп шабу кезеңінде уақытша жайылым жер бөлу мәселелері.

🔹Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу бағытында тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

🔹Кездесу қорытындысында халықпен кері байланысты нығайтудың маңыздылығы атап өтіліп, барлық ұсыныс-пікірлер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.