
Сартоғай ауылдық округіне қарасты елді мекендерде халықпен кездесу өтті.
🔹Баршақұм, Шұқырши және Алтай батыр ауылдарының тұрғындарымен өткен кездесуде аудан әкімі Айбек Купенов халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
🔹Кездесуде ауыл тұрғындары балалар ойын алаңын салу, газ тарту жұмыстарын жеделдету, қоқыс төгетін арнайы орын қажеттілігі, жастарға арналған саябақты кеңейтіп, жарықтандыру және жол мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, үй салу үшін қажет құжаттар бойынша сұрақтар қойылды.
🔹Барлық айтылған мәселелер назарға алынып, оларды шешу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды.