Оймауыт ауылында 150 орындық мектеп-балабақша құрылысы басталды

Оймауыт ауылында 150 орындық мектеп-балабақша құрылысы басталды

🔹 Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Оймауыт ауылында 150 орындық мектеп-балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде.

🔹 Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген жоба бүгінде нақты іске асырылып, жүйелі түрде жалғасуда.

🔹 Жобалық-сметалық құжаттама толық жаңартылып, 2025 жылғы 1 тамызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарын «SG Kurylys» ЖШС атқаруда.

🔹 Аудан әкімі Айбек Купенов пен аудан прокуроры Ерлан Бахытов құрылыс алаңына барып, нысанның орындалу барысын бақылап, жұмыс сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.

🔹 Жобаның жалпы құны — 1 млрд 131 млн теңге.

🔹 Жаңа мектеп-балабақша ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысан болмақ. Құрылыс жұмыстары аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.