
🔹2026 жылғы 8 сәуірде Айбек Купенов бекітілген кестеге сәйкес Миялы ауылдық округіне қарасты Дияр және Миялы ауылдары тұрғындармен кездесу өткізді.
🔹Кездесуде ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда:
▪️ балаларға арналған ойын алаңын орнату
▪️ байланыс операторы ғимаратының техникалық жағдайы мен қызмет көрсету сапасы
🔹Аудан әкімі барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Әрбір ұсыныс бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.