
2026 жылғы 6 сәуір күні сағат 10:00-де аудан әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті.
Жиын барысында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды:
«Таза Қазақстан» республикалық жалпыхалықтық экологиялық бағдарламасы аудан көлемінде іске асырылу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Р. Раушанов баяндама жасады. Акция аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Ағымдағы жылы бюджет кірістерінің орындалу болжамы және қосымша кіріс көздері туралы аудандық экономика және мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М. Ақтаев пен қаржы бөлімі басшысы Т. Молдабеков баяндама жасады. Баяндамаларда қаржылық көрсеткіштер мен жоспарланған шаралар кеңінен қамтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.