ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Досбол Шынболатович Ауэзов 2026 жылғы 7 сәуірден бастап «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Байғанин аудандық ауруханасы» МКК басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Д.Ш. Ауэзов 1992 жылы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. 2017 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы Ақтөбе қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып бастаған. Кейін Қобда аудандық ауруханасында медициналық бөлім бойынша басшының орынбасары қызметін атқарған.