Байғанин ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Байғанин ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 3 сәуірдегі №49/6 бұйрығына сәйкес Байғанин ауданының прокуроры болып Бахытов Ерлан Бахытұлы тағайындалды.

Ерлан Бахытұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданында бастап, әр жылдары Ақтөбе, Жамбыл және Атырау облыстарының прокуратура органдарында түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау, қоғамдық мүдделерді қорғау, қылмыстық қудалау және мемлекеттік айыптауды қолдау бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Жаңа қызметінде Ерлан Бахытұлына ауданның заңдылығы мен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету жолында табысты жұмыс тілейміз.