Шаңырақ күнінде шаттық: Қарауылкелдіде жаңа үйлер табысталды

Шаңырақ күнінде шаттық: Қарауылкелдіде жаңа үйлер табысталды

Наурызнама онкүндігі аясында, 17 наурыз Шаңырақ күніне орай Қарауылкелді ауылында жаңа коммуналдық тұрғын үйлер табысталды. Бұл – ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты сәт!

🏠Бүгін 30 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Заманауи талаптарға сай салынған үйлер газ, су, электр желілерімен толық қамтамасыз етілген.

🔹Баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасыларға берілді.

🔹Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл игі бастама – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.

🔹Барша қоныс иелеріне құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!