
Тараз қаласында өткен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Бейбарыс Түзелбай 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, І орын иеленіп, ел чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – спортшының қажырлы еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ бапкерлерінің кәсіби дайындығының жарқын нәтижесі.
Жас чемпионды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!