КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МЕРЕКЕДЕ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МЕРЕКЕДЕ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Аудан әкімі Айбек Купенов мәдениет саласының ардагері Дүзбаева Клара шаңырағына арнайы барып, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Мерекелік себет табысталып, ұзақ жылдар мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін алғысы білдірілді.

Дүзбаева Клара – 1970 жылдан бері кітапханалық салада еңбек етіп, ауыл кітапханаларын дамытуға елеулі үлес қосқан ардақты маман.
Өз кезегінде Клара Дүзбаева көрсетілген құрметке алғысын айтып, ақ батасын берді.