Кәсіпкерлерді жеке қабылдау

Кәсіпкерлерді жеке қабылдау

2026 жылғы 4 ақпанда Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов пен аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаев аудан кәсіпкерлерімен жеке қабылдау өткізді.

Қабылдаудың басты мақсаты – кәсіпкерлік субъектілердің жұмысын жеңілдету, туындаған мәселелерді тыңдау және шешу жолдарын қарастыру болды. Кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өтініштері мұқият тыңдалып, әрбір мәселе жеке қарастырылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша нақты іс-шаралар жоспары жасалып, жауапты басшыларға тапсырмалар берілді. Бұл шара аудан кәсіпкерлерінің жұмысына қолдау көрсетуді әрі кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға бағытталған.