
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап Жұмабай Әміржан Ғалымұлы «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.
🔹Жұмабай Әміржан Ғалымұлы 1988 жылы 9 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
▪️ 2007 ж. – «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ
▪️ 2008–2011 жж. – «Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман
▪️ 2011–2013 жж. – «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ, бас маман
▪️ 2013–2019 жж. – «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметінің бас маманы
▪️ 2019–2020 жж. – «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ, құрылымдық бөлімше/бөлімше басшысы
▪️ 2020–2024 жж. – «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, округ әкімі
▪️ 2024 ж. – «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман
▪️ 2024–2026 жж. – «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, бөлім басшысы
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.