
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Тыныштықбайұлы, Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мырзағұлұлы және Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Қайратұлы Байғанин ауданының шаруа қожалықтарын аралады...
Шаруа қожалықтардың мал қыстату кезеңіндегі жағдайларымен танысып, төрт-түлік малдың жай-күйі мен жем-шөп қорын қарады. Қазіргі таңда шаруашылықтардың төрт-түлік малдары қысқы мал азығының қоры жеткілікті көлемде бар. Мал қыстату науқаны жайлы өтуде.
Сонымен қатар, шаруа қожалық басшыларына мемлекеттен берілетін субсидиялар, іске қосылатын жеңілдетілген несие мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жолдары туралы кеңестер берілді.