
Жиынға ауылдық округ әкімдері QOSYL платформасы арқылы қатысты.
Жылыту маусымына дайындық бойынша барлық ауылдық округтерде жылу беру жүйелерін толық тексеру, мердігер ұйымдардың жұмыстарын қатаң бақылауға алу, авариялық жағдайлар мен қосымша қажеттіліктерге арналған резервтік жоспар әзірлеу тапсырылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүйелі жүргізу, қауіпті учаскелердегі жол белгілері мен жарық шамдарының жұмысын тексеру қажеттігі атап өтілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, шалғай ауылдық округтердегі мал азығы, жем-шөп қорының жеткіліктілігі туралы мәселелер талқыланды.
Ауылдық округ әкімдеріне мал азығы қорының нақты көлемін анықтау, қажетті қорды алдын ала қамтамасыз ету және жағдайды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі А. Купенов барлық жауапты тұлғаларға жүктелген тапсырмаларды белгіленген мерзімде және сапалы орындауды, атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.