АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

2026 жылғы 21 қаңтар күні Қарауылкелді ауылында Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжілісте ауылдық округ әкімдерінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен проблемалық мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, көктемгі су тасқынына дайындық, жер қатынастары, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар және әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті орынбасарларына жүктелді.