
Аудан әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аудандық ұйымдастыру алқасының отырысы өтті.
Жиын барысында мерейтой аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланып, оларды ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар мерейтойлық шаралардың мазмұнын байыту, тарихи-мәдени маңызын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы атқару қажеттігі атап өтілді.