АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Айбек Купенов аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының 2025 жылғы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджет атқарылуы және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.

2025 жылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бюджет қаражаты мақсатты әрі тиімді игеріліп, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жоспарланған жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, анықталған мәселелер мен кемшіліктер бойынша нақты ұсыныстар беріліп, оларды жою бойынша жұмыстар белгіленді.

Аудан әкімі 2026 жылға арналған жоспарларды нақты әрі нәтижеге бағытталған етіп орындауды, сондай-ақ бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қысқы жолдарды күтіп-ұстау мәселесі де қаралды. Аудан әкімі тұрғындардың ең маңызды өтініштерінің бірі – қар тазалау жұмыстары – мерзімінде және сапалы жүргізілуі керектігін атап өтіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүйелі түрде орындауды тапсырды.