Аудан әкімінің шыршасы – балаларға арналған мерекелік қуаныш

Аудан әкімінің шыршасы – балаларға арналған мерекелік қуаныш

Бүгін аудан әкімінің оқушыларға арналған дәстүрлі Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Жаңа жыл қарсаңында оқушылар үшін ерекше жаңа жылдық кеш ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйланды. Бүгінгі кеш әнге, биге, қуанышты сәттер мен тосын сыйларға толы болды👏

Аудан әкімі Айбек Көпенов шараға қатысушыларға жылы лебізін жеткізіп, Жаңа Жыл мерекесіне орай балаларға сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.
Жаңа жыл әр балаға мол табыс, жарқын арман және бақытты балалық шақ сыйласын!

Жаңа жылдың әр күні үміт пен қуанышқа толы болсын!