Байғанин ауданында энергетиктер кәсіби мерекесін атап өтті!

Байғанин ауданында энергетиктер кәсіби мерекесін атап өтті!

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Айбек Купенов энергетиктерді мерекелерімен құттықтап, олардың аудан дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Үздік мамандарға медальдар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

“Энергетиктердің кәсібилігі арқасында аудан тұрғындары сапалы әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етілуде. Сіздердің еңбектеріңіз – Байғанин ауданының тұрақты дамуы мен тұрғындардың жайлы өмірінің кепілі”, – деді аудан әкімі Айбек Купенов.

Энергетиктер күні – бұл тек мереке емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті, адал еңбек пен жауапкершілікті бағалайтын күн.