Аппараттық жиналыс өтті

Аппараттық жиналыс өтті

Бүгін Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Күн тәртібі:
1. Бюджеттің атқарылуы.
2. Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық.
3. 2026 жылға мерзімді баспасөзге жазылу мәселелері.

Жиында аудан әкімі Айбек Купенов жыл соңына дейін қаражатты тиімді игеру, барлық мекемелерге, әсіресе орталық көшедегі ұйымдарға жаңа жылдық безендіру жұмыстарын бүгіннен бастап бастау, мерекелік күндері бағаны тұрақтандыру шараларын күшейту, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің күшейтілген режимде жұмыс жасауын қамтамасыз ету, сондай-ақ жыл соңына дейін барлық жоспарланған жұмыстарды толық аяқтау қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, әкімдік барлық саланы қолдайтынын жеткізді және бірлесе атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.