
Байғанин ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 12–13 желтоқсан күндері Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, спорт қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы Сүгірәлі Тайжановты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирдің басты мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және ел дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаның жарқын есімін ұлықтау. Сайысқа облыс аудандарынан 12 команда қатысып, жоғары деңгейде тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде 🥇 І орын – Ақтөбе қалалық білім бөлімінің командасы, 🥈 ІІ орын – Мәртөк ауданының білім бөлімінің командасы, 🥉 ІІІ орын – Мұғалжар ауданының білім бөлімінің командасы иеленді. Жеңімпаз командалар ақшалай сертификаттармен, үздік ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.