
Үш күн бойы Ақтөбе қаласында өткен байқауға теологтар, имамдар, медиа-ағартушылар және аудандық АТТ мүшелері қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқау барысында әр қатысушы өз өңірінің жетістіктерін танытып, діни қызметті сапалы жүргізу, ақпараттық-ағартушылық жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Байғанин ауданынан қатысушылар үздіктер қатарынан көрініп, байқауда лайықты орынға ие болды. Атап айтқанда:
«Үздік аудан – 2025» – Байғанин ауданы
«Үздік АТТ мүшесі – 2025» – Меделбаев Қуаныш
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды, ал өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл байқау қатысушыларға өз тәжірибесін арттыруға, тәжірибелі мамандармен пікір алмасуға және діни саладағы үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға мүмкіндік берді.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Адайұлы қатысушыларды жеке қабылдап, жыл бойы атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, ауданның діни-ағартушылық жұмысының дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті.