«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Байғанин ауданында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Адаев, Байғанин ауданы прокуратурасының прокуроры М.Радалифов, полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Сағынғанов, ҚР Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің орталық кеңесінің төрағасы, «Ер-Бақыт» спорттық клубының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты М.Қойлыбаев, білім бөлімінің басшысы М. Дабыс қатысты.

• Кездесуге аудан орталығындағы мектептердің ер мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, аудан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысып, тәрбиенің қоғамдағы маңызы мен жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру жолдарын талқылады. • Балаларды тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу – ұлттық бірегейлікті сақтау мен болашақ ұрпақты қалыптастырудың кепілі.