Ауыл өміріне жаңа серпін! Бүгін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі толық жаңғыртудан кейін өз есігін қайта айқара ашты

Ауыл өміріне жаңа серпін! Бүгін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі толық жаңғыртудан кейін өз есігін қайта айқара ашты

1987 жылы салынған спорт мектебі заман талабына сай жаңартылып, жастарға арналған кең, жарқын, жаңа спорт орталығына айналды. Жаңарту жұмыстары нәтижесінде:
• күрес және ауыр атлетика залдары жаңарып, заманауи жабдықталды;
• воркаут және шағын футбол алаңдары салынды;
• 12 спорт түрі бойынша үйірмелер өз жұмысын жалғастыруда.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Айбек Купенов, облыстық мәслихат депутаты, ұлттық спорт федерациясының облыс филиалының төрағасы Марат Қойлыбаев және спорт ардагерлері қатысты.

Ашылу барысында аудан әкімі Айбек Купенов жиналған қауымға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ауыл жастары үшін ашылған мүмкіндіктердің зор екенін атап өтті.

Жаңарған спорт мектебі – ауылымыздың жасөспірімдеріне шабыт, спортқа деген құлшыныс пен жаңа жеңістерге бастайтын үлкен қадам!