
Аудан әкімі Айбек Купенов халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болды. Жобаның қазіргі жағдайымен танысып, жұмыстың сапасы мен орындалу барысын бақылаудан өткізді.
Бұл тұрғын үйлер – әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Мемлекет басшысының әлеуметтік саясатты күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған жобаның басты мақсаты – көпбалалы, аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға қолжетімді баспана ұсыну.
Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуы аудан басшылығының ерекше