Қарауылкелдіде жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы бақылауда

Қарауылкелдіде жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы бақылауда

Аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында II типті, 2 өрт сөндіру көлігіне арналған жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы тексерілді. Бұл депо ауылда төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан болып табылады.

Әкім құрылыс сапасын бағалай отырып, мердігер ұйымға жұмысты талапқа сай әрі сапалы жүргізу қажеттігін тапсырды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, нысан пайдалануға берілуі тиіс.