Аудан әкімі мұнай-газ және өндіріс саласындағы компания басшыларымен арнайы жиын өткізді

Аудан әкімі мұнай-газ және өндіріс саласындағы компания басшыларымен арнайы жиын өткізді

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов “Аманат” партиясы облыстық филиалының ғимаратында аудан территориясында жұмыс жасайтын мұнай-газ және өндіріс саласындағы компания басшыларымен арнайы жиын өткізді.

✅Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1️⃣ Аудан бюджетіне инвестиция тарту;
2️⃣ Жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту;
3️⃣ Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында елді мекендерге әлеуметтік көмек көрсету.

Кездесуге «Сагиз Петролеум Компани», «Oil Reloading corp», «Лайнс Джамп», «Кул-Бас, «Қазақтүрікмұнай, «Қазахойл-Ақтөбе», «IC Petroleum», «Ұлы Қабырға”, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.», «ALTAY RESOURCES», “QAZCEMENT INDUSTRIES” компанияларының басшылары қатысты.

✅ Компаниялар өз қызметтері бойынша ақпарат беріп, қосымша инвестиция мен әлеуметтік жобалар бойынша қатысуға, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстары мен жоспарларын берді.

✅ Аудан әкімдігі мен бизнес өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту туралы келісімге келді.

✅Аудан әкімі Айбек Купенов өңірдің өркендеуі – тек мемлекеттік қолдауға емес, бизнестің де белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.