
Аудан әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
«Байғанин ауданының аумағында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде жүргізілетін инженерлік жұмыстар жоспарының орындалу барысы» туралы мәселе қаралды.
Аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне қысқы кезеңге дайындық аясында жүргізілетін іс-шараларды шұғыл әрі сапалы орындауды тапсырды.
✅Жоспардағы 25 тармақтың 18-і орындалды, 7 тармақтың орындалуы жалғасуда.
✅ Аудан басшысы Р. Раушановқа жұмыстардың уақытылы әрі толық орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.